$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде 5 қаңтардан бастап омикрон штамына байланысты шектеулер енгізілуі мүмкін

Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамын жариялады, оған сәйкес ауру бірнеше айдың ішінде бүкіл әлемге тарайды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев үкімет отырысында 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап елімізде қосымша профилактикалық шаралар енгізу жоспары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жандос Бүркітбаев эпидемиологиялық жағдайға әсер ететін жағымсыз факторлардың бірі – әлемде "омикрон-штамм" нұсқасының таралу қарқынының жоғары екенін айтты.

"30 қарашадағы жағдай бойынша "омикрон-штамм" 16 елде, ал бүгінде әлемнің 110 елінде анықталды. Вирустың таралу деңгейі жоғары – 1:5 және қайта жұқтыру қаупі жоғары", - деді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев. 

Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамын жариялады, оған сәйкес ауру бірнеше айдың ішінде бүкіл әлемге тарайды.

"Сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне, спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес орталықтарына, йога орталықтарына, караоке, бассейндерге, сауналарға, ванналарға, банктерге, «Қазпочта» АҚ филиалдарына, халыққа қызмет көрсету орталықтарына кіруге рұқсат беру бөлігінде қосымша профилактикалық шараларды енгізу ұсынылады: ASHYQ мобильді қосымшасы бойынша «жасыл» мәртебесі бар тұлғаларға ғана. Бұл норманы 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынамыз", - деді
Жандос Бүркітбаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус