$ 444.22  476.38  4.82

Тоқаев өлім жазасын жою туралы заңға қол қойды

2003 жылдан бастап Қазақстанда өлім жазасына мораторий енгізілген болатын.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Президент өлім жазасын жою туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

2003 жылдан бастап Қазақстанда өлім жазасына мораторий енгізілген болатын, содан бері елде олардың бірде-біреуі тіркелмеген.

2 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы" Заңға қол қойды. Осылайша, Қазақстан өлім жазасынан толығымен бас тартты.

Мәжілісте өлім жазасын жою туралы заң жобасы мақұлданды, бірақ кейбір ескертпелермен. Ескертуге сәйкес Қазақстан соғыс уақытында өлім жазасын қолдану құқығын өзіне қалдырады. Алайда Президент бұл норманы жоққа шығарды және заң жобасын ескертусіз қабылдау қажеттілігі туралы мәлімдеді.

23 желтоқсанда сенаторлар Қазақстанда өлім жазасын толық жою туралы заң қабылдаған еді.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары