Жаңалықтар 30.12.2021 сағат 01:28

Байзақ ауданы мен Арыс қаласындағы оқ-дәрі қоймалары өзге аймақтарға көшіріледі

Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов мәлімдеді.
Байзақ ауданы мен Арыс қаласындағы оқ-дәрі қоймалары өзге аймақтарға көшіріледі
Фото: stan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлім аумағында сақталған оқ-дәрілердің бір бөлігі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласына жеткізілуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz. 

Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов мәлімдеді. Оның айтуынша,  жаңа қоймалар бойынша үкімет тарапынан кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Арыс қаласы маңындағы оқ дәрі қоймаларының бір бөлігі де басқа жерге көшіріледі.

“Оған арнайы дайындалған орындар бар. Қазір сізге толық жауап бермеймін. Әртүрлі қоймаларға жеткізіледі. Мысалы, Аягөз немесе басқа. Бірнеше қойма бар. Нақты қанша, қайда екеніне жауап бермеймін”, – дейді ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар