Жұмысқа орналастыру болашағының жоқтығы жастардың кетуіне әкеп соғады. Бұл туралы Мәжіліс отырысында депутат Ғани Хамзин мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Жұмысқа орналастыру болашағының жаппай болмауы жастардың кетуіне әкеп соғады. Яғни тіпті үздік ЖОО түлектері «қолдаушы ағаларынсыз» бір-екі жыл сенделіп жүреді де, сәттілікті шет елден іздеуге бел буады. Мәселен, 2021 жылдың 3 тоқсанында Қазақстаннан 25 332 адам кеткен. Оның әр төртіншісі – 28 жасқа дейінгі азаматтар, көбінің жоғары білімі бар», – деді Ғани Хамзин.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.