$ 447.4  477.55  4.76

31 желтоқсанға арналған ауа райы

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды.

Синоптиктер 31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады.

Мәлімет бойынша, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.

31 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Түркістан облысының батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.

31 желтоқсанда Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігінде тұман сақталады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі.

31 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -21-26 градусқа дейін, солтүстік-шығыста -33 градусқа дейін күрт төмендеуі күтіледі.

 Қостанай облысының шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аймағында тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

айқын.кз

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары