$ 494.87  520.65  4.91

Хаменоваға жем болған Абай ескерткіші ашылды

Ескерткіш – белгілі мүсінші Асқар Нартовтың туындысы. Ұлы ақынның ескерткіші қоладан жасалған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Атырауда Абай орталығы алдына ақын, ағартушы Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылды, – деп хабарлады turkystan.kz.

Ескерткіш – белгілі мүсінші Асқар Нартовтың туындысы. Ұлы ақынның ескерткіші қоладан жасалған. Салмағы — 5 тонна, биіктігі — 11 метр. Алып денелі Абайдың ескерткішіне 145 млн теңге бөлінді.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, облыста бірқатар шара өтті. Ел Тәуелсіздігінің мерейтойына орай, ұлы ақын, ойшыл Абайдың ескерткішін ашып отырмыз. Бұл облыс үшін тарихи оқиға. Өйткені, Абай Құнанбаев – бүкіл әлемге әйгілі ақындардың бірі», – деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетсек, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевтің үстінен көтерілген қылмыстық істің де осы монументке қатысы бар. Олар мемлекеттік сатып алу келісімшартына қол қою үшін 4,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары