$ 494.87  520.65  4.91

Ресей Байқоңырдың 16 нысанын жалға алудан бас тартпақ

Ресей Байқоңыр ғарыш айлағындағы 16 нысанды жалға алудан бас тартуды жоспарлап отыр, олар Қазақстанға 2022 жылдың соңына дейін қайтарылмақ.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Azattyq Rýhy РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ресей тарапы одан әрі пайдалану тұрғысынан болашағы жоқ ғарыш айлағы объектілерінің тізімін дайындады, оған қазір Ресей Федерациясы жалға алып жатқан 16 нысан кірді», - деді агенттікке сұхбат берген адам.

Қазір арнайы комиссия Қазақстанға тапсырар алдында ресейлік кәсіпорындарды есептен шығару мүмкіндігін пысықталуда.

Бұған дейін «Роскосмостың» бас директоры Дмитрий Рогозин Байқоңыр ғарыш айлағындағы өзіне қажет емес нысандарды жалға алуды тоқтатуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Ресей бұл нысандарды пайдаланбайды, оларға жауапты болудың еш қисыны жоқ, сондықтан «металл сынықтары немесе басқа материалдар болсын», оларды жою керек, деді Рогозин.

Байқоңыр ғарыш айлағын жалға беру шартына өзгерістер 2021 жылдың жазында күшіне енді. Енді ғарыш айлағы 2050 жылға дейін жалға беріледі, ал бұрын 1994 жылы қол қойылған келісімде оны 20 жылға жалға беру қарастырылған. Тараптар келісімді ұзарту туралы 2004 жылы уағдаласты.

«Ресей Байқоңырды жалға алғаны үшін жылына 115 млн доллар төлейді», - деп жазады РИА Новости.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары