2022 жылы елдегі айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңгеге көтерілді. Осыған байланысты әлеуметтік көмек және қызмет көрсету бағасымен қатар айыппұл мөлшері де артады.
Әкімшілік және жол жүру ережесін бұзғаны үшін де салынатын айыппұл былай өзгереді:
Экологиялық нормаға жауап бермейтін көлікті басқарғаны үшін – 2 АЕК, (2021 жылы 5 834 жылы, 2022 жылы 6 126 теңге);
Қоғамдық көлікте және адам көп жиналатын орында маска тақпағаны үшін салынатын айыппұл – 30 АЕК, (2021 жылы 87 510, 2022 жылы 91 890 теңге);
Көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолданғаны үшін салынатын айыппұл – 5 АЕК, (2021 жылы 14 585 теңге, 2022 жылы 15 315 теңге);
Жаяу жүргіншіні өткізбегені үшін салынатын айыппұл – 10 АЕК, (2021 жылы 29 170 теңге, 2022 жылы 30 630 теңге);
Жол жүру ережесін бұзған жаяу жүргіншіге салынатын айыппұл – 2 АЕК, (2021 жылы 5 834 теңге, 2022 жылы 6 126 теңге);
10-нан 20 шақырым сағатына жылдамдыққа асырғаны салынатын айыппұл – 5 АЕК, (2021 жылы 14 585 теңге, 2022 жылы 15 315 теңге);
20-дан 40 шақырым сағатына жылдамдыққа асырғаны үшін салынатын айыппұл – 10 АЕК, (2021 жылы 29 170 теңге, 2022 жылы 30 630 теңге);
40 шақырым сағатына жылдамдықтан асса – 20 АЕК, (2021 жылы 58 340, 2022 жылы 61 260 теңге);
Себепсіз жол ортасына тоқтап, кептеліс тудырғаны үшін салынатын айыппұл – 10 АЕК, (2021 жылы 29 170 теңге, 2022 жылы 30 630 теңге);
Қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін салынатын айыпұл – 5 АЕК, (2021 жылы 14 585 теңге, 2022 жылы 15 315 теңге);
Бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кетені үшін салынатын айыппұл – 10 АЕК, (2021 жылы 29 170 теңге, 2022 жылы 30 630 теңге);
Тыйым салынған жермен жүргені үшін салынатын айыппұл мөлшері – 5 АЕК, (2021 жылы 14 585 теңге, 2022 жылы 15 315 теңге);
Тыйым салынған жерде тоқтағаны үшін – 10 АЕК, (2021 жылы 29 170 теңге, 2022 жылы 30 630 теңге);
Жол-көлік оқиғасы орынынан кетіп қалған жүргізушіге салынатын айыппұл – 1 000 АЕК, (2021 жылы 2 917 000 теңге, 2022 жылы 3 063 000 теңге);
Жедел жәрдем қызметіне, полицияға, өрт сөндіру қызметіне, апаттық құтқару қызметіне жалған қоңырау шалу үшін салынатын айыппұл – 30 АЕК, (2021 жылы 87 510 теңге, 2022 жылы 91 890 теңге).
Дереккөз: Stan.kz
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.