Ақтауда әуежайға "бомба қойылды" деген хабарға байланысты жолаушылар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен сағат 14.30-да Ақтау әуежайы ғимаратына бомба қойылғаны туралы жасырын қоңырау түскенін хабарлады.
"Адамдар эвакуацияланып, ғимарат тексеріліп жатыр. Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр", - делінген хабарламада.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.