Бүгін Алматыда полицейлер әкімдік алдындағы орталық Республика алаңы мен Астана алаңын жауып тастады. Көрші көшелер де жабылды. Полицейлер жаяу жүргіншілер мен көліктің өтуіне жол бермей тұр.
Куәгерлердің айтуынша, бұл аумақта интернет те бұғатталған.
Кейбіреулер бұны Жанболат Мамайдың жуырдағы мәлімдемесімен байланыстырады. Ол алматылықтарды сағат 14.00-де жаңаөзендіктерді қолдаймыз деген рұқсат етілмеген митингіге шығуға шақырған.
Orda.kz ресми түсініктеме алу үшін Алматы қаласы әкімдігі мен полиция департаментіне жүгінді. Олар мән-жайды анықтауға уәде берді.
Еске салайық, жексенбі, 2 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында жүздеген көлік иелері көшеге шыққан болатын. Олар жиындарда 1 қаңтардан бастап литрі 100 теңгеден 120 теңгеге дейін қымбаттаған сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап етті.
Энергетика министрлігі бағаның көтерілуін сұйытылған газды өндірушілердің оны электронды сауда арқылы сатуға көшуімен түсіндірді.
Бірақ халықтың түсіндірмесі қанағаттанбады, себебі Қазақстанның батыс өңірлеріндегі көлік толығымен дерлік газдандырылған. Салдарынан наразылық акциясы облыстың бірнеше ауылын қамтып, шерулер түннің бір уағына дейін жалғасты.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.