Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинград ауылының тұрғындары жаңа жылды кілемнен жасалған шыршамен қарсы алды, – деп хабарлады 7152.kz сайты.
Ағаш жасыл түсті еден төсенішінен жасалған, ойыншықтармен және жұлдызшамен безендірілген. Солтүстікқазақстандықтардың мерекеге деген әдеттен тыс тәсілін түсінбеген желі қолданушылары осы тақырыпта әзілдесе бастады.
«Бюджеттен 100 миллион жұмсалды» деп жазды қолданушылардың бірі.
«Мүмкін, әкімдік кілемді жаңа жылға ауыстырған шығар, бірақ ескісін лақтырып тастамағаны дұрыс» деп ұсыныс жасады жұрт.
«Бізге лайықты шырша осы» деп жазды Солтүстік Қазақстан облысының бір тұрғыны.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.