$ 494.87  520.65  4.91

«Алдағы үш айда коронавирусқа қатысты жағдай шиеленіседі» - ДДСҰ

ДДСҰ арнайы өкілі коронавирусқа қатысты болжам жасады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алдағы үш айда коронавирусқа қатысты жағдай шиеленіседі. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 бойынша арнайы өкілі Дэвид Набарро мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Набарроның айтуынша, пандемия аяқталатын кезең жақын, бірақ оған әлі жеткен жоқпыз. Ол әлем COVID-19-дың тағы бірнеше толқынына тап болатынын ескертті.

"Марафонға қатысып жатқандаймыз, қорқынышты, бірақ аяқталатын кезең жақын деп айтуға әлі ерте", - деді ол.

Бұған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавирустың жаңа омикрон штамы табылғаны хабарланған болатын. Кейін Ақтөбе облысында омикрон тіркелді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары