$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: бизнеске 95 миллиард теңгеден аса шығын келді

Республиканың 9 облысында 1709 нысанда орналасқан 1528 зардап шеккен кәсіпкерлік субъектісі анықталды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығынның жалпы сомасы 95,3 миллиард теңгені құрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 11 қаңтардағы таңғы сағат 9:00-дегі жағдай бойынша келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен есептегенде 95,3 миллиард теңгеден астам (Алматы қаласы бойынша 93,8 млрд теңге)", - деп хабарлады ҰКП.

Call-орталыққа барлығы 3507 қоңырау түсті, оның ішінде тонау бойынша - 1669, форс-мажорлық анықтамалар - 138, өткізу пункттері - 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қорына - 11, жеке тұлғалардан қоңыраулар - 1671.

Республиканың 9 облысында 1709 нысанда орналасқан 1528 зардап шеккен кәсіпкерлік субъектісі анықталды, оның ішінде 1408-і Алматы қаласында, 1578 нысанда орналасқан. Зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілерінің филиалдары: сауда - 1448; қоғамдық тамақтандыру - 32; қаржы секторы - 37; логистика - 9; БАҚ - 2.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары