"Шығыс Қазақстан облысында газ бағасы арзандағанына қарамастан, 120 теңгеден сатылып жатыр" деген ақпаратқа Риддер қаласының әкімдігі түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік мәліметінше, Риддерде сұйытылған газды 120 теңгеден сатып жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
Жалған ақпарат әлеуметтік желілер арқылы тарап кеткен.
"Риддердегі жанармай құю бекетіндегі автогаздың литрі 120 теңге тұратыны туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. 14 қаңтардағы жағдай бойынша Хлебный көшесі, 3 мекенжайында орналасқан жанармай құю бекетінде сұйытылған газ литрі 60 теңгеден сатылуда", – деп мәлімдеді әкімдік.
Бұл ақпаратты сонымен қатар қалалық газ шаруашылығының директоры Александр Федоров та растады.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.