$ 443.85  474.3  4.8

ШҚО-да 8 жасар қыз жоғалып кетті

Зырянда кеше із-түссіз жоғалып кеткен 8 жасар қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Екінші сынып оқушысы мектепке кетіп, қайта оралмаған. Оны соңғы рет 10 қараша күні түскі уақытта көргендер бар деп жазады Tengrinews.kz.

Вика Тойкенева Зырян ауданындағы Ескі қаламен үйіне қарай қайтқан. Оны сағат 12:30 шамасында аялдамадан көргендер бар. Мұнан кейін қыздың қайда кеткені белгісіз.

"Вика күнделікті уақытта үйге келмегеннен кейін оның анасы полицияға хабар беріп, шұғыл іздестіру жұмыстары басталып кетті", - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметі. Қазір оқиға орнында Зырян аудандық ІІБ жеке құрамының мамандары жұмыс істеуде. Өскеменнен облыстық ІІД-нің криминалды полиция басқармасының мамандары да көмекке келген. Сондай-ақ, іздеу жұмыстарына мемлекеттік орган қызметкерлері мен қарапайым тұрғындар атсалысуда.

Іздеу жұмыстары түнімен жалғасыпты. Дегенмен, полицейлер қыздың ізіне түсе алмай жатыр.

"Ерікті азаматтар келіп жатыр. Іздеу жұмыстары Ескі қаланың маңайында жалғасатын болады. Бізбен бірге полицейлер жұмыс істеуде", - дейді еріктілер қозғалысын ұйымдастырған Наталья Монастырева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары