$ 498.55  524.28  4.75

БҰҰ "араб көктемінен" келген шығынды 614 млрд долларға бағалады

Таяу Шығыс елдерінде 2011 жылдан бері орын алған төкерістердің шығыны 614 миллиард долларды құрап отыр. Бұл туралы "араб көктемін" зерттеумен айналысатын БҰҰ мамандары мәлімдеді.

614 млрд доллар - бұл 2011-2015 жылдар аралығындағы Таяу Шығыс елдері ЖІӨ-нің 6 пайызы делінген ұйым өкілдері жасаған баяндамада. Келтірілген шығын есебін БҰҰ-ның Батыс Азияға арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы есептеген.

Шығынды есептеу үшін сарапшылар араб елдерінің 2011 жылы жасаған экономикалық өсу жоспарларын пайдаланған. Бұл Таяу Шығыстағы соғыстардың шығынын анықтауға негізделген алғашқы жұмыс болып табылады.

Сондай-ақ, босқындардың шекараны заңсыз кесуі, ақша аударымдары көрсеткішінің күрт төмендеуі, туристік бизнестегі құлдырау да мамандардың шығынды есептеуіне көмегін тигізген.

Естеріңізге салайық, араб елдеріндегі жаппай толқулар 2011 жылы басталған болатын. Билікті құлатуға бағытталған төкерістер Египет, Ливия, Сирия және Йеменде қантөгіске ұласып кетті. Сириядағы баскөтеру азаматтық соғысқа ұласты. Қазір бұл соғысқа Батыс елдері мен Ресей де тартылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары