2021 жылы мамырда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның және оның жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдарының активтерін басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді, деп хабарлайды Есеп комитетінің баспасөз қызметі.
Аудит барысында 16 сағат көлеміндегі жұмыс уақытын төлеуді есепке ала отырып, бір мезгілде бірнеше басқарушы лауазымдарды қоса атқаруға мүмкіндік беретін еңбек заңнамасының кемшіліктері анықталды. Мәселен, қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерлерге белгіленген жұмыс уақытын тіркелген есепке алудың болмауы кезінде, Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымын еншілес ұйымның бас директоры лауазымымен қоса атқару анықталды.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Еңбек кодексінің 138-бабына 68-бапқа сәйкес ұқсастықта қоса атқару бойынша бір мезгілдегі жұмыс кезінде ерекше, қашықтан жұмыс істеу нысанында жүзеге асырылатын негізгі жұмыс орны бойынша күнделікті жұмыс уақытының қосылған ұзақтығын айқындау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі шараларды қабылдау ұсынылды.
2021 жылғы 1 шілдеде «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеудің құқықтық реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды.
Енгізілген түзетулермен «қашықтан жұмыс істеу» түсінігі кеңейтілді және қашықтан жұмыс істеуге қызметкерлерді жіберу тәртібі регламенттелді.
Бұдан басқа, қашықтан және қалыпты жұмыс істеу қоса қолданылатын аралас жұмыс режимін пайдалану мүмкіндігі енгізілді.
Сондай-ақ жеке еңбек шартында жұмыскер жұмыс берушімен байланысу үшін қолжетімділік режимінде болуға тиісті тіркелген жұмыс уақытын есепке алуды белгілеу бойынша норма бекітілді.