$ 494.87  520.65  4.91

Колонияларды қайта құру ұсынылды

Техникалық күзет құралдарымен, ұялы байланысты бұғаттау жүйелерімен толық қамтамасыз ету арқылы түзеу мекемелеріндегі күзет тиімділігі мен қауіпсіздік деңгейін арттыру ұсынылады.

Сенатор Андрей Лукин Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында түрмедегі діни экстремизмге қарсы іс-қимыл және қылмысқа айналуына жол бермеу туралы ұсыныстарын айтты, , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Радикалдар Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне, әсіресе қылмыстық-атқару жүйесіне төнетін қатердің бірі екенін ұмытпаған жөн. 1 қаңтардағы жағдай бойынша, елімізде қылмыстық-атқару жүйесінде діни және террористік ұйымдардың 500-ден аса көшбасшысы мен қатысушысы бар екені белгілі», - деді сенатор Лукин.

ҚАЖ-дың 64 мекемесінен алынған депутат мәліметі бойынша, тек 9-ы ғана камерада ұсталып отыр, онда ел бойынша сотталғандардың жалпы санының 18,3 пайызы отыр. Жұмыс істеп тұрған мекемелер - өткен ғасырда салынған 30-70-жылдардағы барак түріндегі ғимараттар мен құрылыстар. Андрей Лукиннің ойынша, бір казармада түрме мәдениеті мен қылмыстық ортаның әсері бүкіл әрекетті жоққа шығаратын 100-ге жуық сотталған отырса, тәрбие жұмысы туралы айту мүмкін емес.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындау үшін камерада, ең алдымен радикалды көзқарастағы сотталған адамдарды ұстауда жұмыс істеп тұрған мекемелерді қайта жаңарту қажет. Сондай-ақ, өлім-жітімге әкеліп соқпайтын қарумен, арнайы құралдармен, оның ішінде радиобайланыс, техникалық күзет құралдарымен, ұялы байланысты бұғаттау жүйелерімен толық қамтамасыз ету арқылы түзеу мекемелеріндегі күзет тиімділігі мен қауіпсіздік деңгейін арттыру ұсынылады», - деді сенатор Андрей Лукин.

Сонымен қатар, депутат сотталғандардың ұялы телефондарды заңсыз пайдалануына бақылауды күшейту мақсатында бақылау құралдарына қатысты мәселені пысықтауды ұсынды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары