$ 447.4  477.55  4.76

Алматыда содырлар жерленген орындар анықталды

Полиция лаңкестер іздерін жасыру үшін өз жақтастарын жасырын жерлеген деп есептейді.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Алматы полициясы тәртіпсіздіктерден кейін содырлар жерленген орындар табылғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек полицейлер қаза тапқан содырлар мәйіті жерленген жерді тапты деген ақпаратты растады.

Полиция лаңкестер іздерін жасыру үшін өз жақтастарын жасырын жерлеген деп есептейді. Басқа мәліметтер әлі жарияланған жоқ.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов Алматы мәйітханаларынан 41 мәйіт ұрланғанын айтқан болатын.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары