Бірер күн бұрын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбілфас Хамедов Қазақстан халқы Ассамблеясының дөңгелек үстел отырысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қызметінен босатуды ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz Mnews.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, депутат өткен айда әріптестерімен Жамбыл облысына барған. Бірақ олар әкімді де, оның орынбасарын да кездестіре алмаған.
«Мен тағы екі депутатпен 20-21 желтоқсанда Жамбыл облысына бардым. Бірақ ол жерде әкімді де, оның орынбасарын да кездестірмедік. Республикада халық бетпе-бет келген мәселелер көп. Жамбыл облысының әкімі зейнетке шығуы керек. Орнына жастар келсін, қоғамның мәселелерін шешсін», – деді Әбілфас Хамедов.
Белгілі болғандай, Жамбыл облысының әкімі депутаттарды физикалық түрде қабылдап үлгермеген.
«Бұл күндері облыс басшысы аудандарда іс-сапармен жүрді. Сондықтан депутаттарды күте алмады», – деді облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілер.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.