$ 494.87  520.65  4.91

Еуропада коронавирус пандемиясы аяқталуы мүмкін

Еуропада омикронның күрт өсуі басылғаннан кейін біраз уақыт жаһандық иммунитет болады.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Коронавирустың омикрон штамы Еуропадағы COVID-19 пандемиясын тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді ДДСҰ-ның Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Клюге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Еуропа пандемияның соңғы кезеңіне жақындап қалған болуы мүмкін", - деді Клюге.

Аймақтық бюро директорының айтуынша, Еуропада омикронның күрт өсуі басылғаннан кейін біраз уақыт жаһандық иммунитет болады.  Ол иммунитет вакцина арқылы немесе маусымдық ерекшеліктерге байланысты қалыптасады.

"Біз COVID-19 қайта оралғанға дейін тыныштық кезеңін күтеміз, бірақ бұл пандемия толықтай аяқталды дегенді білдірмейді.

Бұл вирус бізді бірнеше рет таңғалдырды, сондықтан біз өте сақ болуымыз керек", - деді ол.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары