Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, жауын-шашын, қар, екпінді жел, батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде бұрқасын күтіледі. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлайды.
«Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болжанады.
27 қаңтарға қарай күндізгі температура жоғарылайды: батыс аймақтарда 0...8 градус аяз, солтүстік, орталық аймақтарда 7...15 градус аяз, елдің шығысында 7...20 градус аяз, оңтүстік аймақтарда 0...10-ға дейін жылынады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.