$ 494.87  520.65  4.91

Полиция қызметкерлерінің өлген адамды көрден қазып алып кеткен сұмдық ВИДЕОсы тарады

Әлеуметтік желіде полиция қызметкерлерінің өлген адамды көрден қазып алып, машинаға тиеген сұмдық видеосы тарады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Caravan.kz порталы Айдын Егеубаевтың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Құқық қорғау қызметкерлерінде қазақтық та, адамдық та қасиет жоқ...

Өлікпен алысқан өлексенің ісі!-деген дана Халқымыз.

Құқық қорғау қызметкерлері артын жабу үшін қаза болған бауырларымыздың денесінде қалған қарудың оғын жою үшін, я болмаса террорист ету үшін әрекет етіп жатқан секілді.

Қазақстанда құқық қорғау қызметкерлері хайуаннан да күні төмен", деп жазды ол.

Оқиғаның қашан, қай жерде болғаны белгісіз. 

"Бейітті ашқандарды естігем бұрын. Бірақ , онда мамандар сол қабыр басында -ақ, сүретке түсіріп, дәлел фактілерді жиып, сараптама жасап болып, қайта жауып кетіп қалған деп еді. Мыналардың мамандары көті ауыр ,құдайсыз шонжар болған ба?", "Не істейді сонда оны? Не болған мыналарға? Халықты қорқытқандары ма?", "Ертең ұрпағыңа, балаңа не деп айтасыңдар? Адал еңбек еттім дейсіңдер-ау.. Бәрібір әділет орнайды, Әделет иесі Аллаһ Тағала, сабырлылырмен... Аллаһ бәрін білуші!", "Мыналардың әрекетіне сөз жоқ екен! Бұлардың адамның обалы түгілі,құдайдан да қорықпайтынына таң қаламын.Осы әрақтардың киесі ұрсын бұларды!!!", деп пікір қалдырды оқырмандар. 

Бұған дейін қазақтың халық ақыны Хамит Ерғалиевтің қызы Айжан Мұратқызы Президентке хат жолдаған болатын: Онда соңғы күндері митинг кезінде қаза тапқан қазақ жігіттері мен ер азаматтарының үйіне құқық қорғау қызметкерлері келіп, қазба жұмыстарын жүргізу үшін қаза тапқандардың мәйітін қазып алуға құқы бар қағаздарын, сот шешімдерін әкеліп жатқаны жайлы айталған. Жерлеу алдында мәйіттерге сараптама жүргізілді, олардың барлығы оқ жарақатынан қайтыс болғаны анық деген Айжан Хамит мұндай жағдайды тоқтатуыды сұраған болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының басында елімізге жасалған террористік шабуыл кезінде көптеген 225 адам мерт болды. Лаңкестік шабуыл барысында, ғимараттар мен дүкендер тоналып, өртке оранды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай бүлік кезінде елімізге 20 мыңға жуық лаңкес шабуыл жасады деп мәлімдеді. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары