$ 494.87  520.65  4.91

60 млн теңгенің қорқор табагын өткізген кеденшілер сотталды

«Қапланбек» кеден бекетінің 5 қызметкері кальянға арналған табакты заңсыз әкелуге көмектескені үшін істі болып отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қаржылық мониторингі агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті шекарада Өзбекстаннан қорқорға арналған табакты заңсыз әкелу фактісінің жолын кесті, деп жазды turkystan.kz.

Белгілі болғандай, «Қапланбек» кеден бекетінің 5 қызметкері кальянға арналған табакты заңсыз әкелуге көмектескені үшін істі болып отыр. Лауазымды тұлғалар SERBETLI қорқорына пайдаланылатын 23 985 келі табакты Өзбекстаннан Қазақстан аумағына заңсыз әкелуге көмектескен. Бұл контрабанданың құны – 59 596 729 теңге.

Өздерінің қызметтік мансабын пайдаланған мамандар әртүрлі мерзімге сотталды. Атап айтқанда, Түркістан қаласы сотының үкімімен «Қапланбек» кеден бекетінің мамандары Қ.Мұздыбаев, Б.Нұрбаев, М.Күміс және Б.Әлиев 3 жыл 6 айға, ал Н.Исаев 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары