Жаңалықтар 24.01.2022 сағат 16:00

Павлодарда мектеп оқушылары атыс шығарды

Компьютерлік ойыннан шыққан жеті жасөспірім балконға шығып, көрші үйдің терезесіне оқ жаудырды.
Павлодарда мектеп оқушылары атыс шығарды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Павлодар қаласында жасөспірімдер тапаншадан оқ атып, бірнеше пәтердің терезесіне зақым келтірді.

Оқиға 23 қаңтарда Павлодар қаласында болды. Компьютерлік ойыннан шыққан жеті жасөспірім балконға шығып, көрші үйдің терезесіне оқ жаудырды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, 23 қаңтар күні кешкі сағат 17.47-де Павлодар қаласының 34 жастағы тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз біреулердің терезеге оқ атқанын айтты. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы барды. Тексеріс кезінде Бұқар жырау көшесіндегі үйдің балконынының терезелері бұзылғаны анықталды.

Полицейлер үй тұрғындарынан жауап алып, оқ атқан адамдарды тапты. Олар Павлодар қаласының №6, 16, 24, 29 және 34 мектептерінің оқушылары болып шықты.

"23 қаңтарда жеті жасөспірім досының үйіне барып, компьютерлік ойын ойнаған. Біреуі өзімен бірге танысынан алған тапаншаға ұқсас затты алып келді. Жасөспірімдер оны көріп, тапаншаның қалай ататынын тексеруге шешім қабылдайды. Одан кейін балконға шығып, бесеуі кезек-кезек оқ атты", - дейді полицейлер.

Бес оқтың бағыты әртүрлі болды. Екеуі қарсы тұрғын үйдің балконына тиген.

Тәртіп сақшылары тапаншаға ұқсас затты тәркіледі. Қазіргі кезде сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде кәмелетке толмағандарға қатысты іс жүргізу шешімі қабылданады.

Айта кетері, кәмелетке толмағандардың іс-әрекеті үшін ата-анасы немесе заңды өкілі жауап береді.

Дереккөз. sputnik.kz
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар