$ 444.22  476.38  4.82

Қысқы Олимпиадаға қанша қаржы бөлінеді?

Бейжің Олимпиадасына 228 млн теңге бөлінеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бейжің Олимпиадасына 228 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы Қазақстан ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. Ол қысқы Олимпиадаға шамамен 250 млн теңге қарастырылғанын, бірақ бөлінетін қаржы бұдан аз болатынын атап өтті.

"Нақты 228 млн теңге бөлінеді. Бөлінетін ақшаның көлемі азаюда. Себебі, дүбірлі доданы ұйымастырушылар делегациялар санын азайтуда", - деді Андрей Крюков ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ дүбірлі додаға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, вице-министр Серік Жарасбаев баратыны белгілі болады. Бейжің Олимпиадасында 8 спорт түрінен 34 қазақстандық спортшы бағын сынайды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары