$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда электр қуаты қашан толық қалпына келтіріледі?

28 қосалқы станция тоқтан ажыратылған.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда электр жарығы қашан толық қалпына келетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 24 қаңтарда түстен кейін абоненттердің 70 пайызға жуығы электр жарығынан ажыратылған. Дегенмен, қазір олардың жартысына жуығы қайтадан электр қуатына қосылған. Мұндай апатқа жоғары вольтты желі жұмысындағы ақау себеп болғаны айтылды. 28 қосалқы станция токтан ажыратылған.

"Қазір электр қуатының 50 пайызға жуығы қалпына келтірілді. Қалғанын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалғандарының барлығын қосу, яғни абоненттерді басқа желілерге ауыстыру үшін Алматы электр станцияларының желісі бойынша энергия қайта бөлінеді. Бүгінде сағат 15.00-ге дейін Алматыдағы барлық абоненттерді қосу жоспарланған", - деді Алматы қаласының жылу-энергетикалық кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кәсіпорындарының ресми өкілі Ян Гирин.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары