Жаңалықтар 26.01.2022 сағат 00:06

26 қаңтардан бастап Алматы және екі облыста террористік қауіптің «қызыл» деңгейі алынады

Сонымен қатар, жедел штаб Нұр-Сұлтан қаласында террористік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі және Батыс Қазақстан облысында қалыпты «сары» деңгейі сақталатынын атап өтті.
26 қаңтардан бастап Алматы және екі облыста террористік қауіптің «қызыл» деңгейі алынады
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

26 қаңтар сағат 00.00-ден бастап Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл облыстарында терроризмге қарсы операция режимі аяқталып және террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейі алынады, деп хабарлайды Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб. 

«Осы уақыттан бастап көрсетілген өңірлерде террористік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі сақталады», - делінген хабарламада.   

Сонымен қатар, жедел штаб Нұр-Сұлтан қаласында террористік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі және Батыс Қазақстан облысында қалыпты «сары» деңгейі сақталатынын атап өтті. 

Ал 26 қаңтар сағат 00.00-ден бастап Қарағанды облысының Балқаш қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында террористік қауіптің қалыпты «сары» деңгейі алынады. Одан бөлек, жедел штаб жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу жалғасып жатқанын жеткізді. 

«Қару мен жарылғыш заттарды табу мақсатында құқықтық тәртіп органдарына көлік құралдарының қозғалысына бақылауды жүзеге асыруға және оларды толық қарауды жүргізуге рұқсат етіледі. Азаматтарға төзімділік танытып, құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарауды, олардың заңды талаптарын қатаң орындауды сұраймыз»,  - дейді Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар