Жаңалықтар 26.01.2022 сағат 10:40

Атырауда мектеп директоры үш жылда 6 миллион теңгеден аса ақша жымқырған

Білім мекемесінің басшысы ресми құжаттарға жалған мәлімет енгізіп, бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берген.
Атырауда мектеп директоры үш жылда 6 миллион теңгеден аса ақша жымқырған
Фото: Tengrinews.kz

Атырауда үш жылда 6 миллион теңгеден астам ақша жымқырды деп айыпталған мектеп директоры сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Іс материалдарына сәйкес, білім мекемесінің басшысы ресми құжаттарға жалған мәлімет енгізіп, бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берген. Салдарынан азаматтар құқығы бұзылған.

Куәлар мен жәбірленушілер айғағын тыңдап, сараптама және тексеру материалдары қорытындысын зерделеген сот экс-директорға 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Сонымен қатар, ол мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сотталушы шығынды толығымен өтеп үлгерген.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар