Синоптиктер 28 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
«Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады, күндіз оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр мен қар жауады, жел, бұрқасын, көктайғақ болады. Республиканың орталығы мен шығысында жаңбырлы ауа райы күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман» делінген Қазгидромет РМК хабарламасында.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, солтүстікте тұман, батыста, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының батысында және солтүстігінде бұрқасын, оңтүстікте тұман күтіледі.
Түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аймақтарында – тұман. Таңертең және күндіз батыста, солтүстікте, таулы, тау бөктеріндегі аймақтарда желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, екпіні 23 м/с соғады.
Солтүстікте, Қызылорда облысының орталығында – тұман, орталықта – жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз көктайғақ, бұрқасын болады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында – тұман, солтүстік-шығыста жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 23 м/с, күндіз оңтүстік-батысында, екпіні 23 м/с жетеді.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде – жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының орталығында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Алматының оңтүстігінде Ақмола облысының батысында тұман күтіледі.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.