$ 443.44  480.51  4.88

Ақмола облысында ауыл тұрғыны үйіне жете алмай үсіп қайтыс болды

Ақмола облысы Аршалы ауданына қарасты Донецкий ауылында 53 жастағы жергілікті тұрғын үсіктен қайтыс болды деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Марқұмның денесі өз үйінің алдынан табылған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол үйіне жете алмаған. Өлімнің нақты қандай жағдайда келгені анықталатын болады.

"Кезекші бөліміне мәйіттің табылғаны туралы хабар 4 қарашада келіп түсті. Қайтыс болған ер азаматтың кім екені анықталды, ол – 1963 жылы туған жергілікті тұрғын. Қазір сот-медициналық сараптама жүргізілуде", - делінген аталған хабарламада.

Айта кетейік, еліміздің солтүстігіне келген аязды ауа-райынан Павлодар облысында 45 жастағы әйел үсіп қайтыс болды. Синоптиктер болса аяз 17 қарашаға дейін жалғасатынын айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары