$ 498.55  524.28  4.75

Билл мен Хиллари Клинтон ажырасуға арыз берді

Күні кеше АҚШ-тағы президенттік сайлауда жеңіліс тапқан демократ Хиллари Клинтон күйеуі Биллмен ажырасуға арыз берді. Бұл туралы Christian Times Newspaper басылымы хабарлап отыр. Газет тілшілерінің мәліметінше, Хиллари Клинтонның адвокаттары 10 қараша күні Нью-Йорктің жоғарғы сотына арыз түсірген.

Ажырасудың себебін арызданушы тарап өзара түсініспеушіліктен деп көрсетіпті.

Басылымның қолына түскен құжаттарда көрсетілгендей, ерлі-зайыптылардың арасы бұған дейін-ақ бұзылып кеткен екен. Екеуі бөлек тұрып, дүниені қалай бөлісетіндерін жоспарлап қойыпты.

Айта кетейік, Билл мен Хиллари Клинтон Йель университетінде танысқан (екеуі де заң факультетінің студенттері болған). 1975 жылы олар үйленіп, дүниеге Челси есімді қызды алып келді (36 жаста).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары