30.07.2014, 06:00

«Қазатомпром» топ менеджерлерінің ісі сотқа тапсырылды

Сурет: spbdnevnik.ru

«Қазатомпром» ұлттық компаниясының топ менеджерлері 1,3 млрд. теңге ақшалай қаражат жымқырғаны үшін айыпталуда, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Еске сала кетсек, «Қазатомпром» ұлттық компаниясының басқарушы директоры В.Шевелев, «Қазатомпром-Демеу» ЖШС директоры С.Әбдіразақов және «Әлібеков» ұйымдасқан қылмыстық тобының басшысы болып табылатын «Сырдария-жоба Құрылыс» ЖШС директоры Р.Әлібеков ұсталған болатын.

ҚР Қаржы полициясы агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұл қылмыстық істің тергеуі аяқталды.

2014 жылғы 19 маусымнан бастап аталған қылмыстық іс Өскемен қаласының №2 сотында қаралуда.