$ 449.58  486.94  4.86

Швецияда сұрапыл дауыл он мыңдаған үйді жарықсыз қалдырды

Дауыл Стокгольм маңында орналасқан елдегі ең ірі Арланда әуежайынан рейстердің кешігуіне әкелді.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Сұрапыл «Малик» дауылы бүгін Швецияның оңтүстігіндегі Скане провинциясы мен елдің батыс жағалауында инфрақұрылымға зақым келтіріп, ондаған мың үйді электр жарығынсыз қалдырды, ҚазАқпарат. 

Дауыл сенбі күні кешке Швеция жағалауын басып өтіп, артынан шығысқа қарай жылжыды. Кей жерлерде 38,9 м/с-қа жеткен қатты жел ағаштарды құлатты. Бірқатар жергілікті электр компанияларының мәліметінше, жексенбі күні таңертең шамамен 40 000 үй электр жарығынсыз қалған. 

Дауыл Стокгольм маңында орналасқан елдегі ең ірі Арланда әуежайынан рейстердің кешігуіне әкелді.

Батыс жағалаудың көптеген аудандарында, Скане провинциясында және Смаланд провинциясының оңтүстік-батыс бөлігінде қауіптілік деңгейі әлі де жоғары. Готланд аралында және Аппланд тарихи провинциясының жағалауында да дәл осындай жағдай қалыптасып отыр.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дауыл #жарық