Францияда дәрігерлер вакцинацияланбаған тұрғындар үшін COVID-19 емін ақылы етуді ұсынды, өйткені елдің денсаулық сақтау шығындары үнемі өсіп келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, орташа алғанда, бір науқасты реанимацияда емдеу Франция билігіне 3340 долларға шығады.
Ал Австралия үдеткіш вакцинациялауға құқығы бар азаматтардың тізімін кеңейтті. Енді ревакцинация 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін қолжетімді болды. Билік бұл шешімді елде коронавирустан болатын өлім көрсеткішінің өсуі аясында қабылдады.
Бірқатар елдерде коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік өсуі бойынша антирекордтар тіркелді: Бразилияда – 269 968, Түркияда – 93 586, Жапонияда – 81 816, Нидерландыда – 74 085, Оңтүстік Кореяда – 17 542.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.