$ 448.56  478.03  4.79

ШҚО-да 30 градус аязда жоғалып кеткен малшы аман табылды

Шығыс Қазақстан облысында малын іздеуге шыққан тұрғын адасып қалып, бір тәулік бойы 30 градустық аязда далада қалып қойған. Құтқарушылардан оның туыстары көмек сұрағаннан кейін іздеу жұмыстары жүргізілді деп хабарлайды ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Телефон байланысы өте әлсіз болғандықтан біразға дейін ер азамат байланысқа шыға алмаған. Дегенмен, кешке жақын ол туыстарына хабарласып, өзінің адасып кеткенін айтыпты. Ал, шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізуге боран кедергі болған.

Осы күннің ертесіне құтқарушылар Қыземшек ауылынан 15 шақырым қашықтықта 50 жастағы ер азаматты тапты. Онымен бірге ірі қара мал болған. Бір тәулікке жуық уақыт малшы ас-сусыз 30 градустық аязда далада көмек күтіп отырған екен.

Адасқан азамат аман-сау, дәрігерлердің көмегінен бас тартқан. Құтқарушылар оны үйіне сиырларымен бірге жеткізіп берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары