$ 447.4  477.55  4.76

«Бұл ерекше жауапкершілік» - Ерболат Досаев

Жаңа әкім қала басшысы ретінде шешуді жоспарлап отырған міндеттері туралы айтты.

Алматының жаңа әкімі Ерболат Досаев өзінің тағайындалуы және қала басшысы ретінде шешуді жоспарлап отырған міндеттері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Президент Әкімшілігі басшысы қала активіне Алматының жаңа әкімін таныстырды.

"Бұл маған ерекше құрмет және ерекше жауапкершілік. Сіздермен қаңтардағы қайғылы оқиғалардан аман өтіп, қаламызды көркейтіп, одан да жақсы және тек Алматыға тән өмір салтын қайтаруға бар күш-жігерімізді саламыз деп сенемін", - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев. 

Ерболат Досаев – Алматы қаласының тумасы. Ол Ұлттық банкті 2019 жылдың ақпанынан бері басқарып келеді. Оған дейін әр жылдары Қаржы, Денсаулық сақтау, Экономикалық даму және сауда, Экономика және бюджеттік жоспарлау, сондай-ақ Ұлттық экономика министрліктерін басқарып, вице-премьер қызметін атқарған.

"Біздің алдымызда тұрған жаңа міндеттер әкімдік қызметіне жаңа көзқарастарды, тың серпін беруді талап етеді. Сондықтан, Ерболат Асқарбекұлы, ең үлкен шаһар Президент тарапынан сізге сеніп, тапсырылып отыр", - деді Президент Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов.

Жұмыс тәжірибесін ескере отырып, қала активінің жаңа әкімінен күтетін үміті зор. Мегаполис ұлттық драйвер рөлін, соның ішінде оны жалпыұлттық экономиканың локомотивке айналдыру міндетін атқаруға тиіс.

"Жаңа әкімнің қаржыгер, экономист ретінде үлкен тәжірибесі бар. Соңғы қызметі - Ұлттық банк басшысы. Бұл бағытта қаланы бәріміз бірге белсенді түрде дамытамыз деп ойлаймын", - деді ӘКК "Алматы" АҚ басқарма төрағасы Асқар Білісбеков.

Депутаттардың айтуынша, басты назар қаланы қалпына келтіруге, шағын орта бизнесті дамытуға және халықтың табысын арттыруға аударылуы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары