$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан Мәскеуде ҰҚШҰ жанындағы тұрақты өкілдігін ашады

Құжат қоғамдық талқылау үшін 15 ақпанға дейін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілдігін ашу туралы мемлекет басшысының жарлығының жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мәскеуде (Ресей Федерациясы) Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігі ашылсын", – делінген құжатта.

Қаулы жобасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының уәкілетті өкілі мәртебесін ҰҚШҰ-ның нормативтік құқықтық базасына және ҚР дипломатиялық қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленіп отыр.

Бұл қаулы жобасын іске асыру үшін ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілетті өкілін және оның аппаратын ҚР шет елдердегі өкілдіктерінің бірыңғай штат санына енгізу үшін Сыртқы істер министрлігінің штат санының лимитін өзгерту қажет болады.

Құжат қоғамдық талқылау үшін 15 ақпанға дейін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары