Жасанды көлдің аумағы (56 000 м3) қазылып, тіреуіш қабырғалы жағалауы бетон құю жұмыстарына дайындалып жатыр. Бұл көл Түркістандағы тартымды демалыс орындарының бірі болады деген жоспар бар. Түркістан қаласында жаңадан салынып жатқан нысандардың құрылысын аралап көрген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыстарды мерзімінде бітіру керектігін тапсырды.
Биыл Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда нысанның жер жұмыстары мен іргетасын қалау ісі толық аяқталған. Жертөле қабырғасы мен бірінші қабаттағы тірек қабырғасы да аяқталуға жақын тұр. Нысан басында 30-дан астам жұмысшы бар.
Бұл спорт кешенінде Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы орналасады. 320 орынға арналған қосымша ғимараты спортты дамытуға серпін бермек. Түркістан қаласындағы халықаралық теннис орталығының құрылысы да қарқынды. Бұл орталық та биыл пайдалануға беріледі.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.