$ 494.87  520.65  4.91

Гламур өмір: Жаңа қызметке келген шенеунік 2 млн теңгенің сөмкесін ұстайтын болып шықты

Күні кеше Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалған Айнұр Серғазиева гламур өмір сүретіні белгілі болды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Күні кеше Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалған Айнұр Серғазиева гламур өмір сүретіні белгілі болды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Су жаңа шенеуніктің инстаграм парақшасында оның «шоппинг» жасаған сәтінен суреттері бар.

Мәселен, мына Louis vuitton-ның ақ сөмкесі 2 млн теңге тұрады.

Ал мына бір қоңыр сөмкенің құны дүкендерде 1 млн теңге. Аталған брендтің өнімдері үнемі қызыл-сары қораптарға салынады. Айнұрдың қолындағы бірнеше қорапқа қарағанда ол осы брендтің фанаты. Бүгін желіде тарап кеткен суреттер қоғам тарапынан қызу талқыға түсті.

Сондай ақ, 31 жасар шенеунік шетелде қыдырғанды да ұнатады. Жеке парақшасында әр елге барғандағы «сториздерін» сақтап қойған.

Еске салайық, Айнұр Серғазиева Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Айнұр Қамидоллақызы Серғазиева Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда сайты.

Айнұр Серғазиева 1991 жылы дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс университетін мына мамандықтар бойынша бітірген. Еңбек жолын осы жоғары оқу орнында орта-оқу біліктілігінің маманы болып бастаған. «Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап – «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның жобалар бас менеджері/бағдарламалар менеджері/мемлекеттік бағдарлама бағытының басшысы/жауапты хатшы/басқарушы директоры.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары