Асхат Оралов "Нұр Отан" партиясының жауапты хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен Асхат Раздықұлы Оралов "Нұр Отан" партиясының жауапты хатшысы болып тағайындалды.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінде партия құрылымын қайта қарап, оңтайландыруды тапсырған болатын.
Бауыржан Байбек 2019 жылдың маусымынан бері "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді. Мемлекет басшысы оның көп жылғы еңбегі үшін алғысын білдірді.
Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаменті жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы болып бастаған. Осы жылдары "Нұр Отан" партиясы филиалында, Астана қаласының жастар саясаты басқармасында, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде, Қоғамдық даму министрлігінде қызмет етті. 2019 жылы Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды. 2020 жылдың шілдесінен бастап Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.
2021 жылдың 12 шілдесінен бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.