Жаңалықтар 02.02.2022 сағат 20:48

Көлгіновтің орынбасары қызметінен кетті

Ол экономика және құқық қорғау органдары мәселелеріне, сонымен қатар үлестік құрылыстың проблемалы объектілерінің қаржыландырылуын қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік етті.
Көлгіновтің орынбасары қызметінен кетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл туралы Асқар Амрин өзінің facebook-тегі парақшасында жазды.

«Бүгін – менің Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары ретіндегі соңғы жұмыс күнім. 5 жыл 4 ай – аз уақыт емес, бұл менің өмірім мен мансабымдағы маңызды кезең. Бірінші кезекте елорда тұрғындарына және қызмет бабымен азаматтарды қабылдауда, қаланы аралауларда, халықтың арасында, «Жанұя» орталығында, объектілерде бірге жұмыс жасаған, тілдескен, мәселелерді шешіскен барша жанға алғысымды айтамын. Бұл – баға жетпес өмірлік тәжірибе», - деді ол.

Ол  экономика және құқық қорғау органдары мәселелеріне, сонымен қатар үлестік құрылыстың проблемалы объектілерінің қаржыландырылуын қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік етті.

«Проблемалы объект үлескерлеріне айтпағым: біз сіздермен бірге үлкен жұмыс атқардық: объектілердің көпшілігі тапсырылды, үлескерлер өз кілеттерін алды, белгілі бір уақытты қажет ететін құжаттарды рәсімдеу істері ғана қалып отыр. ЕҚК әрі қарай да проблемалы объектілерді аяқтау бойынша өз жұмысын жалғастырады және және сіздер де көптен күткен үйлеріңізге қол жеткізесіздер», - деп жазды Армин.

Асқар Армин әріптестеріне алғыс айтты.

«Әріптестерге, барлық басқарма басшыларына, аудандардағы мамандар мен инспекторларға айрықша алғыс білдіргім келеді. Бүгінгі күннің шындығында, өкінішке орай, мемлекеттік қызмет өзектілігін жоғалтуда. Бірақ біз өз жұмысымызға деген құрмет пен сенімді қалпына келтіре алатынымызды ұмытпауымыз керек! Мемлекеттік қызмет – бұл үлкен еңбек. Мысалы, аудандық инспектор күнделікті өз ауданын аралап, бір қарағанда көзге байқала бермейтін күрделі жұмыс атқарады. Бәлкім өзгеруіміз қажет шығар, ашығырақ болып, тәулік бойы атқарып жүрген жұмысты көбірек жариялау керек шығар, тек популизмнен аулақ болыңыздар. Сізге және отбасыларыңызға шыдамдылық, денсаулық және амандық тілеймін. Ә.Ө. Исекешев, Б.Т. Сұлтанов, А.С. Көлгінов сияқты елорда әкімдеріне сенім білдіргендеріңіз үшін, бірлескен жұмыс үшін алғыс айтамын. Баршаңызға татулық пен жақсылық тілеймін», - деп жазды ол.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар