$ 446.49  475.38  4.79

2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды

Айтулы сынға әлемнің 90-нан астам елінен спортшылар қатысады.
vintera.tv
vintera.tv

Дәл қазір Қытай астанасы - Бейжің қаласында 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Айтулы сынға әлемнің 90-нан астам елінен спортшылар қатысады.

Әлемдік спорттық додада спортшылар саны бойынша АҚШ, Ресей мен Канада көш бастап тұр. Мәселен, АҚШ-тан 223 адам дүбірлі додада бәсекеге түссе, Ресейден – 212, Канадан – 211 спортшы жарыс жолына шығады. Сондай-ақ Қытайдан 171 спортшы қатысады, одан кейінгі орындардағы Швейцариядан – 168, Германиядан – 148, Жапониядан – 122, Швециядан – 116, Чехиядан – 114, Италиядан – 112, Австриядан – 108, Финляндиядан – 96, Франциядан –85, Норвегиядан – 52, Ұлыбританиядан – 50, Украинадан – 45, Австралиядан – 44, Оңтүстік Кореядан – 38, Қазақстаннан – 34, Беларусьтен – 28 саңлақ ел намысын қорғайды.

Ақ Олимпиадада еліміздің атынан 34 спортшы 85 жолдама бойынша сынға түседі. Мамандардың айтуынша, қазақстандық спортшылар фристайл-могул, фристайл-акробатика, шорт-тректе жүлде қорын толықтыруы мүмкін.

Ақ Олимпиаданың ашылу салтанаты «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» арналарынан көрсетілуде.


Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары