$ 494.87  520.65  4.91

Бекболат Тілеухан өз кінәсін мойындамады

Жәбірленуші сот ұсынған татуласу мүмкіндігінен бас тартты.

Нұр-Сұлтан қаласының соты экс-депутат Бокболат Тілеухан журналист Айнұр Қоскинаға күш қолданғаны үшін кінәсіз деп шешті.

Сот отырысында экс-депутат журналистке дұрыс емес әрекет жасағанын мойындап, ашуланғаны үшін одан кешірім сұрады. Бірақ Бекболат Тілеухан өз кінәсін мойындамады.

Айнұр Қоскина өз кезегінде сот ұсынған татуласу мүмкіндігінен бас тартты.

Журналистің адвокаты Әсел Тоқаева бұрынғы депутаттың кінәсін алға тартып, оны әкімшілік жауапкершілікке тартуға шақырды.

Еске салсақ, журналистермен әңгімелесу барысында Бекболат Тілеухан Айнұр Қоскинаның сөздеріне «тиіскен», оның сұрақтары экс-депутатқа ұнамай қалған екен. Ауызша сөз жарысының соңы журналистің мәлімдемесіне айналды. Ол экс-депутат өзін ұрғанын, сонымен қатар жеке затын бұзғанын айтты. Полиция қызметкерлері парламент мәжілісіне журналист Айнұр Қоскинаның өтініші бойынша келді.

Айнұр Қоскинаның айтуынша, Бекболат Тілеухан мәжіліс ғимаратында сұхбат алуға тырысқан журналиске күш қолданған. Ол экс-депутат оның құлақ тұсына қол тигізгенін айтып, екіге бөлінген моноподын көрсетті.

Бекболат Тілеуханға қатысты оқиға болған жерге Айнұр Қоскина полиция шақырған. Сол кезде экс-депутат парламент ғимаратынан шығып кеткен.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары