$ 443.85  474.3  4.8

Қазақстан Футбол Федерациясының президенті отставкаға кетеді

Әділбек Жақсыбеков 28 ақпанда өтетін Қазақстан футболының басшысы сайлауына өз кандидатурасын ұсынбайды.

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Әділбек Жақсыбеков алдағы 28 ақпанда өтетін Қазақстан футболының басшысы сайлауына өз кандидатурасын ұсынбайды.

Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

«Қарағандылық «Шахтер» ФК директорлар кеңесінің төрағасы Әділет Бәрменқұлов, «Астана» ФК-ның экс-бас директоры Давид Лория, ФК SD Family клубының иесі Дидар Сыдықбек және ПФЛК президенті Олжас Абраев өз кандидатуралары ұсынғаны туралы белгілі болды» делінген хабарламада.

1977-1978 жылдары — ҚазКСР Мемлкеттік басқармасының аға есепші-ревизоры.
1978-1983 жылдары — Целиноград облыстық кинопрокат директорының орынбасары, бас инженер.
1983 жылдан 1990 жылға дейін контейнер жөндеу және ағаш базасының директоры, Целинторг бөлімінің бастығы, Целинглавснаб сауда орталығының бастығының орынбасары болды.
1990-1992 жылдары — «Цесна» коммерциялық компаниясының бас директоры.
1992-1996 жылдары — «Цесна» корпорациясының президенті.
1996-1997 жылдары — Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары.
1997-2000 жылдары — Астана қаласы АЭА әкімшілік кеңесінің төрағасы.
1997-2003 жылдары — Астана қаласының әкімі.
2003-2004 жылдары — Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрі.
2004-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы.
2008 жылы — Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі.
2008-2009 жылдары — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі.
2009-2014 жылдары — Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі.
2014 жылы — Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының міндетін атқарушы.
2014-2015 жылдары — «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы.
2015 жылы — «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы; ТМД астаналары мен ірі қалаларының халықаралық ассамблеясының вице-президенті.
2014-2016 жылдары — Астана қаласының әкімі.
2016-2018 жылдары — Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы.
2018 жылдан бері Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметін атқарды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары