06.02.2022, 00:30

Бейжің-2022: 6 қаңтар күні қазақ спортшыларынан жарыс жолына кімдер шығады?

inform.kz
Жексенбі, 6 қаңтар күні Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары 3 түрлі жарыс бойынша өнер көрсетеді.

13:00 – Шаңғы жарысы.

Ерлер. Скиатлон (15 км классикалық стильде + 15 км еркін стильде).

Финал. Виталий Пухкало, Евгений Величко. 16:00, 17:30 – Фристайл (могул).

Әйелдер.

Екінші квалификация, финал. Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Анастасия Городко, Олеся Граур. 17:00, 18:00 – Трамплиннен секіру (К-98).

Ерлер.

Бірінші раунд, финал. Данил Васильев, Сергей Ткаченко.

Олимпиада-2022-де Қазақстан атынан 34 спортшы өнер көрсетеді.

Еске салайық, осы уақытта Қазақстанның ең үздік жетістігі шорт-тректен аралас командалық эстафета бойынша 5-ші орын.

                                                                                                    inform.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.