Қаскелеңде жастар арасында болған төбелесте оқ атылып, 17 жастағы бозбала қаза тапты. Ол жергілікті мектептердің бірінде жоғары сыныпта оқыған. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Қанды оқиға 17 қарашада "Арман" автостанциясында орын алыпты.
"Жастар тобы өзара ерегісіп, оның арты төбелеске айналған. Олардың бірі өзімен қару-жарақ әкеліп, онымен атқан", - дейді тәртіп сақшылары. Полицейлердің мәліметінше, қазір нақты қандай қарудың атылғаны анықталып жатыр.
Орын алған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабымен (Адам өлтіру) іс қозғалған. Облыстық ІІД басшылары бұл қылмыстың тергеу барысын жіті қадағалауына алғанын айтып отыр. Қазір кісі өліміне қатысы бар деген екі күдіктіге іздеу жарияланыпты. Екеуі де жергілікті тұрғындар.