Жаңалықтар 18.11.2016 сағат 08:19

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген педофилдің ағасы өлі табылды

37 жастағы ер азаматтың мәйіті өзі тұратын пәтерден табылған. Қазіргі таңда өлімнің неден болғаны анықталып жатыр деп жазады Tumba.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақтаудағы 26 шағынауданда орналасқан пәтерлердің бірінен табылған мәйіттің 6 жасар Вика Мининаны зорлады деп айыпталып жатқан күдіктінің ағасы екені анықталып отыр. Марқұмды көршілері соңғы рет өткен аптаның сенбісінде көрген екен.

Маңғыстау облыстық ІІД өкілдері өлімнің неден болғанын әлі анықтап жатқандарын айтты.

Естеріңізге салайық, биыл тамыз айында Ақтауда педофил 6 жасар Вика Мининаны зорлап, саяжай көшелерінің біріне тастап кеткен болатын. Алған ауыр жарақаттарынан кішкентай қыз әлі есін жиған жоқ. Дәрігерлер тіпті, оның аман қалатынына да сенбейді.

Ал, күдікті ретінде ұсталған 1984 жылғы ер азамат өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр. Бұған дейін оның әйелі қауіпсіздік мақсатында кішкентай баласын алып, Украинаға көшіп кеткен болатын.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар