$ 447.4  477.55  4.76

«Қазақстанда бәрі орысша сөйлейді» – Ресей елшісі

Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық және гуманитралық байланыстарды қаузаған елші сұхбатының соңында қазақ тілінің қауқарсыздығын, отандық ғалымдарының латын қаріпіне қалай көшерін білмей дал болып жатқанын сөз етті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ресейдің Қазақстандағы Елшісі А.Н.Бородавкин «Тәуелсіз газетке» (Независимая газетіне) арнайы сұхбат берді, деп хабарлады turkystan.kz Ресейдің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық және гуманитралық байланыстарды қаузаған елші сұхбатының соңында қазақ тілінің қауқарсыздығын, отандық ғалымдарының латын қаріпіне қалай көшерін білмей дал болып жатқанын сөз етті.

«Соның ішінде экстремистік көріністерді айтуға болады. Мысалы, қазақ қоғамында тілдік патрульдер жүріп жатыр.  Бірақ Қазақстан Президенті Әкімшілігінің жетекшілерінің бірі сипаттағандай, «үңгірлік ұлтшылдық»  билік тарапынан қолдау таппай, заңмен қудаланады. Аса ұлтшылдық пен русофобиялық көзқарастарды ұстанатын адамдар қазіргі уақытта Қазақстан мемлекетінің басшылығына тамыр жаймайды», – деді Қазақстандағы Ресей елшісі.

Сондай-ақ ол Қазақстанда тұратын орыстардың өңірлік, републикалық және мемлекеттік деңгейдегі құрылымдарда лауазымды қызмет атқарып жатқанын тілге тиек еткен. Бұдан бөлек елдегі орыс тілінің ахуалына да тоқталған.

«Қазақстанда бәрі орысша сөйлейді. Тіпті көбі жаңылмай және грамматикалық қателерсіз қолданып жүр. Орыс тілінің ресми мәртебесі Қазақстан Конституциясында бекітілген. Бұған ешкім өзгеріс енгізгелі жатқан жоқ. Оның үстіне орыс тілін білу Қазақстанда артықшылық ретінде қарастырылады. Мысалы, орыс тілін білмейтіндерінің білікті жұмысқа тұруы қиын», – деді ол.

Елшінің айтуынша, қазір Ресейде Қазақстаннан келген 60 мыңға жуық студент білім алып жатыр. Сондықтан Қазақстандағы орыс тілі өз орнын сақтайтынына және сұранысқа ие болатынына сенімді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары