Әлеуметтік желіде шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан тағы бір қаракөздің тойынан видео тарады, деп жазды turkystan.kz.
Видеоны интернетке жүктеген Талғат Мырзабаевтың айтуынша, ұзату той Кентау қаласында болған.
Бейнежазбада Араб әмірліктерінен келген күйеу баланың енесіне 10 миллион теңге қалыңмал тапсырып жатқанын анық байқауға болады. Кадрда ұзатылып бара жатқан қыздың өмірлік серігін ишарамен өзіне қарай шақырғанын және «Мама, мына араға тұрсай» дегенін де аңдау қиын емес.
Қалыңмалға қомақты қаржы алған ана өз эмоциясын білдіруден қысылған жоқ. Күйеу баласына бас иіп, алған ақшасын көпке көрсетті.
«Ең бастысы мұсылман екен. Бақытты болсын!», «Өтпей жүрген затын сатқандай қуанды ғой», «Недеген ақша айналайын-ау», «Үкімет салық төлетіп жүрмесін» деп жазды интернет қолданушылары.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.